Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылдық округінде егіз зейнеткер референдум учаскесіне бірге келіп дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
№122 референдум учаскесінде дауыс беріп жатқан адамның қарасы көп. Есболдықтар бүгінгі референдумға белсене қатысып жатыр.
Солардың арасында Айсұлу және Күнсұлу есімді егіз зейнеткер бар. Олар учаскеге бірге келіп таңдауларын жасады.
Аталған учаскеде дауыс беру құқығы бар 1630 адам тіркелген.