Атырау облысының 104 жастағы тұрғыны Шәміл Өміржанова референдумда үйінде дауыс берді.
Ол Ресеймен шекарадағы Құрманғазы ауданының Бұзауслан ауылында тұрады. Биыл сәуірде 104 жасқа толған.
Тыл ардагері 7 қыз бен 2 ұлды өмірге әкелген. Ұл-қыздарыан 8 немере, 80-нан астам жиен-жиеншар, 20-ға жуық шөбере сүйіп отыр.
Ғасырдан да ұзақ ғұмыр жасаған кейуана референдумда үйінен дауыс беру үшін өтініш түсірген. Оның өтінішіне сәйкес №172 референдум учаскесінің комиссия мүшелері әжейдің үйіне бюллетень мен жәшік алып келді.
«Еліміздің іргесі берік болсын. Қазақ жастарының білімді, сауатты, өнегелі, бір-бірімен тату болғанын қалаймын. Сонда ғана елдің болашағы жарқын болады», дейді Шәміл Өміржанова.