• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 11:05

Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан екінші орын алды

31 рет
көрсетілді

Астанада өтіп жатқан Денис Тен мемориалында мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының өкілі Софья Самоделкина күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жалпы алғанда спортшы қыз 189,67 ұпай иеленді. Бұл нәтиже оның екінші орын алуына мүмкіндік берді. 

Бірінші орынды 195, 91 ұпаймен грузиялық Анастасия Губанова алса, үшінші орын италиялық Лара Гутманға бұйырды. Ол 188,86 ұпай алды.