• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қазан, 2024

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

87 рет
көрсетілді

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мәнерлеп сырғанау: Denis Ten Memorial Challenge (Астана) турнирінде Михаил Шайдоров топ жарды. Ал әйелдер бәсекесінде Софья Самоделкина екінші орын алды. Дзюдо: Душанбеде (Тәжікстан) жастар арасындағы әлем чемпионатында Азат Күмісбай (81 кг) және Талғат Орынбасар (60 кг) қола жүлдегер атанды. Құзға өрмелеу: Ұлттық құрама спортшысы Әмір Маймұратов Сеулдегі (Оңтүстік Корея) Әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды. Триатлон: Азия кубогінде (Түркістан) қазақ спортшылары 7 медаль олжалады. Таэквондо: Чунчхондағы (Оңтүстік Корея) әлем чемпионатында Қазақстанның үш спортшысы 2 күміс, 1 қола медаль еншіледі. Жеңіл атлетика: Бельфор (Франция) қаласында ұлттық құрама өкілі Дэйзи Джепкемей жартылай марафонда (1 сағат 7 минут 54 секунд) жеңімпаз атанды. Кәсіпқой бокс: Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Аустралияда жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасып, қарсыласын 9-раундта техникалық нокаутпен жеңді.