Орталық сайлау комиссиясы 6 қазан АЭС құрылысына қатысты өткен референдумның алдын ала нәтижесін жария етті, деп жазады Egemen.kz.
Еліміздегі референдумда дауыс беруге құқылы 12 миллион 284 мың 487 адамның 63,66%, яғни 7 миллион 820 мың 204 адам таңдау жасаған.
Оның ішінде АЭС құрылысын қолдағандар 71,12% құрады. Нақтыласақ 5 миллион 561 мың 937 адам.
Референдумның басты мәселесіне келісім бермегендер саны - 2 045 271.
Орталық сайлау комиссиясы 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылғанын мәлімдеді.