• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Ауа райы 07 Қазан, 2024

Елдің батысында ауа райы күрт өзгереді

129 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 8, 9, 10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, апта басында күн райы жылы болғанмен, кейінгі үш күнде ауа температурасы өзгереді. 

Еліміздің батысы мен солтүстік-батысында антициклон нәтижесінде жауын-шашын болуы ықтимал. Осы күндері республикамыздың батысында жел екпіні де күшейеді.

«Қазақстанның батысында күндіз ауа температурасы 12-18 градусқа дейін төмендесе, түнде солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді. Өзге аймақтарда күн райы күрт өзгермейді», делінген «Қазгидромет» хабарламасында.