Шанаққа түсіп кеткен 4 жұмысшы жоғарыға көтеріле алмаған. Оның тереңдігі – 5 метр.
Ұн комбинатына Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, жедел медициналық жәрдем қызметі дереу жеткен.
«Жедел жәрдем қызметкерлері жұмысшылардың қайтыс болғанын растады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.