Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі отандық суретші, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлованың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тамаша адамдар өмірі» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Көрмеде Айжан Бекқұлованың қаламынан 1990-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін туған жүзден астам туындысы ұсынылған.
Ретроспективалық экспозицияда тоқыма, киіз басу, қуыршақтар, зергерлік әшекейлер, этникалық киімдер, сондай-ақ басқа шеберлермен бірлесіп металдан, керамикадан, ағаштан және киізден жасалған жұмыстар ұсынылған. Экспозицияны 5 қарашаға дейін тамашалауға болады.