11-13 қазан аралығында Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Ұлттық олимпиадалық комитет халықаралық сында ел намысын қорғайтын дзюдо құрамасын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Абу-Дабидегі турнирге 13 дзюдошы қатысады. Әйелдер құрамасы сапынан 4, ерлер арасында 9 спортшы жүлдеге таласады.
Әйелдер:
Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейінгі салмақта); Эсмигуль Куюлова (63 келіге дейінгі салмақта); Назгүл Маратова (78 келіден жоғары салмақта); Карина Такиева (78 келіден жоғары салмақта).Ерлер:
Мағжан Шамшадин (60 келіге дейінгі салмақта); Дәурен Суюкенов (60 келіге дейінгі салмақта); Әділбек Берікұлы (66 келіге дейінгі салмақта); Дархан Қойбағар (73 келіге дейінгі салмақта); Ермек Амангелді (73 келіге дейінгі салмақта); Жалғаc Қайролла (80 келіге дейінгі салмақта); Руслан Мусаев (81 келіге дейінгі салмақта); Әділет Сапарғалиев (100 келіге дейінгі салмақта); Мәди Еділбаев (100 келіден жоғары салмақта).