• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Мектеп 09 Қазан, 2024

Жекеменшік мектеп: сапасы мен сыны

99 рет
көрсетілді

Елімізде кейінгі жылдары жекеменшік мектептердің саны айтарлықтай өсіп жатыр. Сапалы білімге деген сұраныс пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау бұл саланың қарқынды дамуына әсер етті. Талабын қанағаттандырса, қалтасы көтеретін ата-ана баласын қатарының алды болсын деп ақылы мектепте оқытады.

Ақылы мектептің артықшылығы

Жекеменшік мектептердің көпшілігі білім саласында заманауи әдісте­ме­­лерді енгізіп, әр оқушының жеке қа­жет­тілігіне бейімделген бағдар­ла­маларды ұсынады. Сондықтан ата-аналар балаларын шет­елдік немесе халықаралық стандартқа сай оқу ошақтарында оқытқысы келеді.

Жекеменшік мектептердің білім жүйесінде сапа жоғары бола ма деген сұрақ әлі де маңызды. Бұл сұрақты жан-жақты сараптап, нақты нәтижелерге сүйене отырып қарастыру қажет. Мысалы, еліміз­дегі «Haileybury», «Мирас» сияқты мектептер британ­дық неме­се ха­лықаралық бакалавриат (IB) бағдар­­ла­маларын ұсына оты­рып, әлемнің үздік универ­ситет­теріне түсуге мүмкіндік береді. Мұндай мектептерде көбіне шағын сынып, сапалы инфрақұрылым, жоғары білікті педагог мамандар білім береді әрі оқушыларға берілетін мүмкіндік те көп.

Еліміздегі кейбір жекеменшік мектеп­тердің түлектері халық­аралық емтихандар мен универ­сит­еттерге қабылдану көрсет­кіші бойынша жақсы деңгей­ге шығып отыр. Мәселен, «Haileybury Almaty» мектебін бітір­­­ген оқушылар жыл сайын «Cambridge», «Harvard», «Oxford» сияқты университеттерге оқу­ға қабылданады. Сондай-ақ «Мирас» мектебінен де халықаралық бакалавриат емтихандарынан жоғары балл жинап, шетелдік жо­ғары оқу орындарына түскен оқушылар баршылық.

«Haileybury» мектептеріндегі оқу бағ­дар­­ламалары ағылшын тілінде жүр­­­гі­зі­леді, сондай-ақ халықаралық GCSE (General Certificate of Secondary Education) мен A-Level бағдарламасына сәйкес білім беріледі. Мұн­дай жүйе оқушылардың аналитикалық ойлау қабілетін дамытуға, зерттеу жұмысына көңіл бөлуге бағыт­талған. Бұл мектептердегі оқу ақысы жылына 10-15 млн теңге шамасында. Бұған оқу бағдарламасы, қосымша курс­тар, спорттық, шығармашылық іс-шаралар кіреді.

Ал Алматы мен Астанада орналас­қан «Мирас» мектебі – халықаралық бакалавриат (IB) бағдарламасын ұсынатын білім ұяларының бірі. Бұл бағдарлама оқушыларды әлемдік деңгейде мойын­­далған дипломмен қамта­масыз етеді. Нәтижесінде, түлек­тер кез келген универ­ситетке түсу мүмкіндігіне ие болады. «Мирас» мектеп­терінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқытады. Ал онда оқу құны жылына шамамен 5-9 млн теңгені құрайды.

«Tamos Education» – Алматы­дағы заманауи жекемен­шік мектептің бірі. Бұл мектеп математика, жаратылыс­тану, IT бағыттарына басымдық беріп, оқушыларды ғылым мен технология саласына жан-жақты дайындайды. Оқушыларға сапалы білім беру бағытында шетел­дік оқыту әдісте­мелері қолданылады, ал мектептің инфрақұрылымы заманауи зертханалармен, технология­лармен жабдықталған. Аталған мектепте оқу ақысы жылына 2,5-4,5 млн теңге аралығында.

«Quantum» мектебі – оқушы­лардың жан-жақты дамуына, сыни ойлау қабілетін арттыруға, әлемдік стандарттарға сай білім алуға бағытталған оқу ошағы. Мектептің басты артықшылығының бірі – оқу үдерісінде тек академиялық білім беріп қана қоймай, практика­лық дағдыларды да қалыптастыруы. STEM бағы­­тындағы пәндермен қатар, роботтех­ника, бағдарламалау, инже­нерлік жобалау сияқты заманауи салаларға да баса назар аударылады. «Quantum» мектебінің басты ерекшелігі – оқушыларды ғылыми зерттеу жұмыс­ына тарту. Білім алушылар ғылыми жобаларға белсенді қатысып, халықаралық деңгейдегі жарыста жүлделі орынға ие болып келеді. Мектептің оқу бағдарламасы оқушыларға зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, бұл олардың жоғары оқу орындарына түсуіне, болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына үлкен көмек. Мұнда оқу ақысы жылына шамамен 4-5 миллион теңге көлемінде. Сонымен қатар мектепте талантты оқушыларға арналған гранттар қарастырылған. Оқу­шы­лардың академиялық үлге­ріміне байланыс­ты түрлі жеңіл­дік беріледі. Бұл да «Quantum» мектебінің әлеуметтік жауапкер­шілігін байқатады.

«Spectrum» халықаралық мек­­­­те­­бінің оқу бағдарламасы «Cambridge International» стан­дарт­­тарына негізделген, бұл оқу­шы­­ларды халықаралық деңгейде таныл­ған емтихандарға (IGCSE және A-Level) дайындауға мүм­кіндік береді. Мектеп шет тілдерін тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөледі, әсіресе ағылшын тілі негізгі тіл ретін­де оқытылады. Соны­мен қатар испан, француз, неміс, қытай тіл­де­рін меңгеруге мүм­кін­дік бе­рі­леді. Бұл көптілді білім жүйесі оқу­­шы­­лардың халықаралық білім кеңіс­­тігіне еркін кіруіне жағдай жа­сайды.

«Spectrum» мектебіндегі оқу ақысы әртүрлі жас деңгейіне байланысты өзге­ре­ді, жылына шамамен 4-7 млн теңге аралығында. Мек­­тепте дарын­ды балаларды қол­дау мақ­­сатында түрлі же­ңілдік пен гранттық бағдарлама қарас­ты­рылған.

 

Мамандар пікірі, ата-ана таңдауы

Ұлттық бизнес және инжиниринг мектебінің негізін қалаушы, экономи­ка ғылымдарының кандидаты Гүлмира Қорғанбаева жеке­меншік мектеп­терді құру­шылар оған тек бизнес ретінде қара­мауы керек дейді. Оның айтуын­ша, барлық мек­тепте әлеу­мет­тік жауапкершілік болуы қажет.

«Біздің мектеп жекеменшік болғаны­мен, дарынды әрі талапты оқушылар­ға арналған гранттар қарастырылған. Сонымен қатар жақсы нәтиже көрсетіп жүр­ген оқушыларға да жеңілдік ұсы­намыз. Болашақта жағдайымыз тұрақ­талып, дамыған кезде, ауылдық жер­лердегі балаларға да қол­жетімді білім алу мүмкіндігін жа­сауды көздеп отырмыз. Жеке­мен­шік мектептерді тек пайда табудың көзі деп қарауға бол­майды. Мектеп ашу үлкен әлеу­меттік жауапкершілік жүктейді, сон­дықтан ақылы мектептер ата-ана­ларға, оқушы­ларға сапалы жағ­­дай жасауға міндетті. Мектеп ашу­дың мақсаты – білім жүйесін жақ­сартуға, дамытуға үлес қосу», дейді ол.

«Біздің мектепте білім үдерісі тек ака­де­миялық жетістіктермен шектел­мейді. Біз оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың жеке қабілеттерін ашуға ерекше мән береміз. Әрбір бала талантты, тек сол талантты дұрыс бағытта дамыту маңызды. Біз оқушы­ларымызға әлемдік деңгейде білім беріп қана қоймай, олар­дың тұлға­лық дамуына, өз ойын еркін жет­кізуіне, сыни ойлауына жағ­дай жасаймыз. Мектеп бағдар­ламалары халық­­аралық талап­тарға сай бол­ға­нымен, оқушы­ларымызды жо­ға­ры оқу орындарына даярлаумен шек­темей, олардың өмірде өз жолын табуына көмектесуге тырысамыз. Бұл – біздің негізгі миссиямыз»,­ дейді «Spectrum» мектебінің бас атқарушы директоры Ерхан Абдуллаев.

Сарапшылардың айтуынша, жеке­мен­шік мектептер әрдайым сапалы білім бере­ді деуге болмайды.

«Мектептің сапасы олардың инфра­құ­ры­лымына, оқыту әдістемелеріне, мұға­лімдердің білік­тілігіне, оқу бағдар­ла­мала­рына тікелей байланысты. Кейбір мектептер жоғары нәтижелер көрсе­тіп, оқушыларды әлемдік деңгейдегі университеттерге дайындап жатса, басқалары білім сапасына жеткілікті көңіл бөл­меуі мүмкін. Ата-аналар мек­теп таңдауда оның нақты нәти­желеріне, түлектердің жетіс­тік­теріне, оқу бағдар­ламаларына, педа­гогикалық құ­ра­мына мән беруі керек», дейді білім сала­сының сарапшысы Алтынгүл Тайбасарова.

Жекеменшік мектепте балаларын оқы­татын ата-аналар арасында жүр­гізілген сауалдама нәтижесіне сәйкес, олардың таң­дауына әсер еткен басты себеп – білім сапасы. Көптеген ата-ана мемлекеттік мектептермен салыс­тырғанда жекеменшік мектептердің оқу бағдарламалары мен әдісте­­мелері әлемдік стандарттарға сай екенін атап өтті. Мұғалімдердің білік­ті­лігі мен оқу­шылардың нәтижелері, халық­аралық емтихандардағы жетістіктер де ма­­ңызды рөл атқарады. Одан кейін сы­нып­­та бала санының аз болуы ескеріл­ген. Ата-аналар көбіне балаларын сыни ой­лауын жақсартатын, инновацияға мән беретін, еркіндігін шектемейтін ортада бол­­ғанын қалайды. Кейбір ата-аналар құн­­дылықтарына сәйкес келетін мек­теп­тер­ді іздейді. Сондай-ақ балаларын же­­ке­­меншік мектепке берген ата-аналар оқу ақысын баланың болашағына инвес­ти­­ция ретінде қарастыратынын атап көр­сет­кен.

«Spectrum» мектебінде біздің екі баламыз білім алады. Ұлымыз Сәлім 8-сыныпта, қызым Мәриям дайындық тобында оқиды. Бізге мұғалімдердің ата-аналармен тығыз байланыс жасайтындығы, мектептің сапасы, білім берудегі артық­шы­лығы жалпы айтқанда, барлығы ұнайды, көңі­лімізден шығады. Осы мектепке келгелі бала­лардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі жақсарды. Сондай-ақ ана тіліміз –  қазақ тілінде де еркін сөйлейтін болдық», дейді оқушылардың ата-анасы Ерлан мен Әсел.