• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қазан, 2024

Зейнетақы қоры ел азаматтарына үндеу жолдады

124 рет
көрсетілді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры кейінгі кездері қызметкерлерінің атын жамылып, салымшыларға қоңырау шалып, алдап-соғатын алаяқтар көбейгенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.

Қор баспасөз қызметінің мәліметінше, алаяқтар азаматтардың есепшоты мен жеке деректеріне қол жеткізу үшін түрлі тәсілдерді қолдануға көшкен. 

Дәлірек айтқанда, алаяқтар салымшылар мен алушыларға Қор қызметкерлерінің атынан қоңырау шалып, зейнетақы аударымдары қате жасалғанын айтып, бөлімшеге баруды ұсынады. Ол үшін кезекті электронды түрде броньдауға көмектесемін деп SMS-ке жауап беруді өтінеді. Бұдан кейін алаяқтар телефонға келген талон нөмірін немесе кодты атап, растауды сұрайды. Осылайша олар салымшының банктегі шоттары мен жеке деректеріне қол жеткізеді.

«БЖЗҚ қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалмайды. Сондықтан қырағы болып, бөгде адамдарға ешқандай кодты айтпаңыз, бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз», делінген Қор хабарламасында. 

БЖЗҚ ұсынған жеке ақпаратты қорғау әдістері:

Кодтарыңыз бен құпиясөздеріңізді ешкімге, ешқашан айтпаңыз; Ақпаратты ресми арналардан тексеріңіз; Сізге әлдекім БЖЗҚ атынан қоңырау шалса, тұтқаны қойып, тікелей Қорға хабарласыңыз. Қаржылық және зейнетақы қызметтерін алу үшін көмек көрсетуге уәде беретін делдалдардың қызметтерін пайдаланбаңыз.