• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан Бүгін, 10:05

Қазақстан жолшылары алғаш рет Еуропа чемпионатына қатысты

31 рет
көрсетілді

Қар тазалау техникасы операторлары арасында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша Германияның Мендиг қаласында Еуропа чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігінің мәлім етуінше Қазақстан мамандарының аталған іс-шараға қатысуы жолшылардың халықаралық кәсіби қоғамдастығына қосылғанымен тең.

Айта кетсек, аталған іс-шараға Қазақстан алғаш рет қатысты. Жалпы оған Германия, Австрия, Франция, Бельгия, Словакия, Чехия, Венгрия, Словения, Қазақстан елдерінен 26 топ қатысқан. Елімізден қатысқандар: «Астана Тазалық» ЖШС, «Операциялар және инвестициялар» ҮАААЖ ЖШС және «ҚажСервис» ЖШС, яғни 3 топ.

Аталған чемпионат екі жылда бір рет өткізіледі. Чемпионат тәжірибе алмасуға және жолдарға қысқы қызмет көрсету саласындағы үздік технологияларды көрсетуге бірден-бір мүмкіндік береді.

«Барлық қатысушылар дайындық пен кәсібиліктің жоғары деңгейін растайтын дипломдар алды. Бұл құнды тәжірибе Қазақстандағы жолдарды қысқы күтіп-ұстауды жетілдіру үшін пайдаланылатыны сөзсіз», деп мәлімдеді Қазақстан делегациясының мүшесі, PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының Ұлттық комитетінің атқарушы директоры Дмитрий Бессонов.