• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:42

Қазақстанда 769 мың адам тұмауға қарсы екпе алған

29 рет
көрсетілді

Ел көлемінде қыркүйек айында 550 мыңға жуық жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтыру жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, алдағы эпидемиялық маусымда тұмаудың 3 штамы қауіпті болмақ. Мемлекеттік бюджет қаражатына вирусқа тосқауыл болатын 2 миллион 207 мың доза ресейлік вакцина сатып алынған. Бұл республика халқының 11%-н қамтуға мүмкіндік береді.

«Бүгінде тұмауға қарсы 769 мың адам егілді. Оның ішінде 184 500 балаға салынды. Вакцинация жалғасып жатыр. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың неғұрлым осал топтары, медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцина алып жатыр», деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Сархат Бейсенова.