• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Қазан, 2024

Павлодарда балалар үйінен қашып кеткен қос жасөспірім қыз табылды

222 рет
көрсетілді

12 қазанға қараған түні Шақат ауылының балалар үйінен қашып кеткен екі жасөспірімнің табылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

16 жасар Аида Бусурманова мен 14 жасар Снежана Бабидің жоғалып кетті туралы айтып, өңір полицейлері дабыл қақты.

12 қазанда іздеу жұмыстарына таңертең жергілікті еріктілер ұйымы бірден кірісіп, әріптестіктегі бұл істің нәтижелі аяқталғанын мәлімдеді.

- Шақат ауылының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының кәмелетке толмаған тәрбиеленушілері табылды, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі де Instagram-дағы парақшасында.

Қыздардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнбегені белгілі, ал аталған оқиға фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.

Айта кетсек, Павлодарда бір ай бұрын жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам кеше Усольск ықшам ауданындағы тоғайдан табылды.