• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қазан, 2024

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

141 рет
көрсетілді

ҚР Туризм және спорт министрлігі өткен аптаға жасаған шолуын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдо: Абу-Дабиде (БАӘ) Үлкен дулыға санатындағы турнирде Қазақстан құрамасы үш қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, ерлер арасында Дәурен Сүюкенов (60 кг), әйелдер бәсекесінде Әбиба Әбужақынова (48 кг) және Назгүл Маратова (+78 кг) үздік үштіктен көрінді.

Дзюдо: Ақтаудағы «Халық-арена» спорт кешенінде өткен ашық Азия кубогінде Қазақстан құрамасы 12 алтын, 11 күміс, 21 қола медаль олжалады.

Академиялық ескек есу: Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы екі күнінде Қазақстан құрамасының спортшылары 8 медаль (2 күміс, 6 қола) иеленді.

Құзға өрмелеу: Қытайдың Тайань қаласындағы Азия чемпионатында Әмір Маймұратов пен Тамара Олжабаева күміс медаль еншіледі.

Теннис: Шымкент қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Shymkent Open ITF Juniors турнирінде әлемдік рейтингте 149-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы топ жарды. Ол финалда сербиялық Никола Йовичтен (95 ITF Juniors) басым түсті – 7:5, 6:1. Бұл – Заңғардың жекелей сында ITF Juniors додаларындағы төртінші титулы. Бұдан бұрын ол Измирде (J100), Түркияда (J30) және Трнавада (J30) жеңіске жеткен еді.

Теннис: Жұптық сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Анна Данилина Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды. Ол ресейлік Ирина Хромачевамен жұп құрап, финалда америкалықтар – Джессика Пегула мен Айша Мухаммадты тізе бүктірді – 6:3, 7:6 (8:6).

Грэпплинг: Астанада грэпплингтен ұйымдастырылған әлем чемпионатында ұлттық құрама 13 жүлдеге (4 алтын, 4 күміс, 5 қола) ие болды.

Каратэ: Италияның Венеция-Езоло қаласындағы WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар (U21) арасындағы әлем чемпионатында ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальдарды жеңіп алды.