• RUB:
    5.03
  • USD:
    484.11
  • EUR:
    528.79
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 08:38

Нейрон арқылы басқарылатын биоробот

40 рет
көрсетілді

Швейцария мен АҚШ инже­нер­лері тірі нейрондардан жасал­ған жасанды зерде арқылы басқа­рылатын биогибридті робот жасап шығарды. Пішіні көбелекке ұқсас құрылғы сымсыз басқару жүйесінің арқасында суда жүзе алады әрі мүл­тік­сіз маневрлар жасайды.

Адамның діңгек жасушаларынан алынған қозғалтқыш нейрондар мен кардиомиоциттерді бірге өсіру арқылы қалыптасқан нейробұлшықет жүйесі – роботтың негізгі ерекшелігі. Жасушалар екіжақты жылдам байланыстардың қалыптасуына мүмкіндік беретін арнайы микрофлюидті құрылғыда өсірілген.

Зерттеушілер жиілікті мультиплекстеу жүйесін пайдалана отырып, робот миының нейрондарын іске қосқан. Бұл жүзгіштердің қозғалысын бақылауға, жүзу жыл­дам­дығы мен бағытын реттеуге көмектеседі.

Сынақ барысында робот 0,52 мм/с жылдамдықта жылжып, жүз­гіштерімен секундына екі ретке дейін қозғалыс жасаған. Сондай-ақ ол әр миллиметрге 0,11 радиан қисық жасап айнала алған.

Көптеген биороботтан айыр­машылығы, бұл – адам жүйке жүйесі біріктірілген алғашқы жүйе. Аталған робот қоршаған ортаның өзгерістеріне тиімді бейімделуге мүмкіндік бе­реді. Зерттеушілер өздерінің әзір­лемесі болашақта қоршаған орта сигналдарын қабылдап үйре­не ала­тын күрделі биогибридті құрыл­ғылар жасауға негіз бола алатынын айтады.