• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 15 Қазан, 2024

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгереді

172 рет
көрсетілді

Мәжілісте өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі өзгеретінін айтты, деп жазады Egemen.kz.

Енді Әлеуметтік кодекске «әлеуметтік аудит» ұғымы енгізіледі. Осыған сай атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың мүмкіндіктері сараланады.

«Адам көмекке мұқтаж ба, жоқ па, оған жұмыс, төлемдер және тағы басқа қолдау шаралары қажет пе, соның бәрін әлеуметтік аудит көрсетеді», деді Светлана Жақыпова.

Министр осы төлемді алушыларға жұмыс қатар ұсынылатынын жеткізді. Азамат ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда атаулы әлеуметтік көмек те берілмейді. 

«Біз атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаймыз ғой. Оған қоса, жұмыс та береміз. Ол адам жұмыс істемеймін, «АСП» ғана аламын дейді. Онда, кешіріңіз, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды деп айтамыз. Қазіргі кезде ондай шаралар бар», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.