4 қазан күні Талғардағы жанжал кезінде 16 жасар Шерзат Болат қайтыс болған еді. Бүгін Алматы облысында істі тергеу барысы баяндалды, деп жазады Egemen.kz.
Жәбірленушілер ашық сот өткізуді талап етіп отыр. Прокуратура өз тарапынан сот отырысын ашық, онлайн режимде өткізу бойынша өтініш беретінін мәлімдеді.
ІІМ өкілі Бауыржан Әленов бейнежазбадағы екі қыздың қылмысқа қатысы бар-жоғы зерттеліп жатқанын жеткізді.
Бейнежазбадағылардың қылмысқа қатысы бары дәлелденсе, ешкім жауапкершіліктен босатылмайтыны да айтылды.