Қайғылы оқиға Сырым ауданына қарасты Бұлдырты ауылында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Батыс Қазақстан облысының ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғалидың мәлімдеуінше, полиция қызметкері адам қағып, салдарынан 1979 жылы туған азамат қайтыс болған.
«11 қазан күні «МТЗ-80» тракторын басқарған полиция бөлімінің қызметкері абайсызда адам қағып кетті. Азамат алған дене жарақатынан сол мезетте қайтыс болды. Полицей ол кезде еңбек демалысында болғаны анықталды. Оқиғадан кейін ол дереу тұтқындалды», деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.
Қазіргі уақытта іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.