• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Есірткі 17 Қазан, 2024

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі саудалағандар ұсталды

116 рет
көрсетілді

Осы жылдың қыркүйек айында ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі заттарын аса ірі көлемде тасымалдады және сатты деген күдікпен екі есірткі тобының әрекетіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нәтижесінде Шу және Мерке аудандарында шамамен 102 келі марихуана мен 3 келіге жуық синтетикалық есірткіні өткізу әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының үш азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.