• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 17 Қазан, 2024

Керлингтен әлем чемпионаты: Қазақстан алғаш рет плей-офф кезеңіне шықты

Керлингтен Шотландияда әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Топтық кезеңде Финляндия, Кения, Германия, Уэльс, Украина құрамаларын ұтқан Қазақстан спортшылары Швейцарияға ғана есе жіберді. Алайда бұл – топтық кезеңнен шығуға еш кедергі емес. Бүгін Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы ойын көрсетіп, плей-офф сайыстарына дайындалады. Ел намысын әлем чемпионатында Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр, Мерей Тастемір есімді спортшыларымыз қорғайды.

Айта кетсек, керлинг – бұл қысқы командалық спорт түрі, мұз аренасында өтеді. Матчқа әр командада 2-4 адамнан тұратын екі команда қатысады. Ойынның негізгі принципі қатысушылар кезек-кезек тас деп аталатын мұз үстінде ауыр гранитті снарядты ұшырады.

Мәліметтерге сүйенсек, керлинг – Қазақстан спортшыларын 2000 жылдардың бас кезінде қызықтырған. 2003 жылдың қарашасына қарай Қазақстан керлинг қауымдастығы ресми түрде құрылған. 

Соңғы жаңалықтар