• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қазан, 2024

Аралас жекпе-жек жаттықтырушысы «Qarmet» қызметкерлерін бопсалаған

74 рет
көрсетілді

15 қазан күні Шахтинск қаласында «Qarmet» қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарды бопсалаған қылмыстық топ қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.

ІІМ мәліметінше, ұсталғандардың басым бөлігі жастар болып шыққан. Сондай-ақ қылмыстық топ құрамында аралас жекпе-жек жаттықтырушысы да бар екені анықталды. 

Бұған дейін Теміртау, Саран, Абай қалаларында ауыр қылмыстарға, сонымен қатар «Qarmet» АҚ объектілерінен тауарлық-материалдық заттарды ұрлауға және кәсіпорын қызметкерлерін бопсалауға қатысы бар басқа да қылмыстық топтардың қатысушылары ұсталған болатын.

Осы фактілер бойынша ішкі істер органдарына 100-ден астам күдікті жеткізіліп олардың 39-ы қамауға алынған. 150-ге жуық тінту шаралары жүргізілген. Қару-жарақ пен оқ-дәрілер, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленген.

«Ауыр қылмыстардың 16 эпизоды бойынша үш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Криминалдық топтардың жолын кесу нәтижесінде өңірде 30-дан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Өңірлерде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті өкілі Қуандық Алпыс.