Астанада тұрғын телефонын жоғалтқан. Күдікті өзінің танысы болып шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда тұрғыны 24 жастағы жігітпен шамамен жарты жылдай кездесіп жүрген. Бір күні жігіт көлігімен келіп, салонда қыздың қалтасынан телефоны түсіп қалғанын байқап қалған. Қыз телефонының қайда екенін сұрағанда, жігіт оны өзінде екенін айтып, бірақ қайтарудың орнына, кейін мүлде байланысқа шықпай қойған.
Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің телефонды ломбардқа өткізгенін анықтады. Ол түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап, 600 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер телефонды тәркілеп, оның заңды иесіне қайтарды.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды сақ болуға және бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады.