Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап, үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы мен дуал жанған.
«ТЖМ күшімен үйден 3 бала эвакуацияланды. Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.