• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Республика күні 23 Қазан, 2024

Көк ту рухты көтереді

62 рет
көрсетілді

«Amanat» партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен «Менің елім – менің туым» акциясы басталды. Акция аясында 500-ге жуық мемлекеттік ту балкондар мен қоғамдық орындарға ілінеді. Қазір 100-ден аса азамат көк байрақты өз балконына іліп, бастаманы қолдап үлгерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияға қатысу­шылар саны күн сайын артып келеді. Аталған акцияның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті күшейтіп, тұрғындардың патриоттық рухын көтеру. Сонымен қатар акция арқылы қоғамда бірлік пен ынтымақты нығайту көз­дел­ген.

«Алдағы уақытта облыс аумағында 500-ге жуық мем­лекеттік туды көпқабатты тұрғын үйлердің балкондары мен қоғамдық орындарға ілуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде Қонаев қаласының өзінде 30-ға жуық ту ілінді. Оның өзі қала тұрғындары тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Бұл тек жай ғана акция емес, бұл – елімізге деген сүйіспеншілігіміз бен патриоттық рухымыздың жарқын көрінісі. Әрбір ілінген ту арқылы біз ха­лықтың бірлігін ны­ғай­тып, ортақ құн­ды­лық­тарды дәріптеуді мақсат етеміз. Барша азаматтарды осы акцияны қолдауға шақырамын», деді облыстық «Жастар рухы» жастар қа­на­ты­ның мүшесі Мират Әшімбаев.

Айта кету керек, акция 25 қазанға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында кез келген азамат мемлекеттік туды балконына немесе өз үйінің алдына іліп, акцияға қатысуға мүмкіндігі бар.

 

Алматы облысы