• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қазан, 2024

Оңтүстік Африка Қазақстанмен байланысын нығайтуға мүдделі

110 рет
көрсетілді

Оңтүстік Африканың заңнамалық астанасы Кейптаун қаласында Қазақстан Елшісі Еркін Ахинжанов пен Оңтүстік Африка Республикасы Провинциялары Ұлттық Кеңесінің (жоғарғы палата) төрағасы Рефилве Мцвени-Ципане және ОАР Ұлттық Ассамблеясының (төменгі палата) спикері Анджела Токозиле Дидиза арасында кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әңгіме барысында елші  Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар мен бастамалар хақында баяндады. Қазақ дипломаты экономика, сауда және білім беру сияқты бірқатар негізгі салаларда, сондай-ақ орнықты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін шарттық-құқықтық базаны жетілдіруді ұсына отырып, Қазақстанның Оңтүстік Африкамен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ұмтылысын атап өтті.

Өз тарапынан, Оңтүстік Африка Парламентінің палата басшылары екі ел арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін мәлімдеді. Олар екі ел арасында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігіне сенім білдіріп, нәтижесінде өзара тиімді серіктестік үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын жеткізді.

Жиын соңында тараптар екіжақты парламентаралық байланысты дамыту мақсатында диалогты жалғастыруға келісті.