Спорт 23 Қазан, 2024

Тиранада грек-рим күресінен жүлде бұйырмады

223 рет
көрсетілді

Қазақтың грек-рим күресінің шеберлері Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалды, деп жазады Egemen.kz.

Грек-рим күресінен 87 келіде ел намысын қорғаған Бағлан Қуаныш жұбаныш белдесуінде түркиялық Самет Ялдыранға есе жіберді. Қарсылас 2-3 есебімен басым түсіп, қола медальға таласты ары қарай жалғастырады.

Осылайша, күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар грек-рим күресінен халықаралық бәсекені жүлдесіз қорытындылады.