• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Бокс 24 Қазан, 2024

Қазақ боксшылары АҚШ-та өтетін әлем чемпионатына қатысады

163 рет
көрсетілді

26 қазанда АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгілер арасында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. Қыркүйек айында Қазақстан World Boxing-ке кіруге өтінім бергені мәлім.

Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, аталған әлем біріншілігіне 30 елден барлығы 180 боксшы қатысады.

Ел намысын 4 боксшы қорғайды:

Ерасыл Аманғалиев (55 кг). Асылхан Көшербай (65 кг). Диас Серікұлы (70 кг). Даниял Райымбеков (85 кг).