• RUB:
    5.01
  • USD:
    523.58
  • EUR:
    549.71
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Қазан, 2024

Мәдениеттер тоғысындағы кездесу

173 рет
көрсетілді

Бүгін АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм Астанадағы ÖzgeEpiс креатив хабына арнайы қонақ ретінде келіп, бірқатар мәдени, шығармашылық жобаларды тамашалады. Бұл сапар мәдениетаралық диалогтің, өнер мен білімнің өзара байланысын нығайтудың айқын көрінісі. Елші Розенблюмге кеңістіктің негізін қалаушылар апалы-сіңлі Тоғжан және Мақпал ханымдар креатив хаб жұмысын таныстырды.

Ең алдымен елші «ÖzgeEpic» кітапханасын аралады. Өнер кеңістігіндегі кітап қорына ерекше назар аударып, 300-ге жуық қазақ тіліндегі кітапты тарту етті. Елшінің назарына «Аспан жылқылары» көрмесі ұсынылды. Бұл – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бағалы коллекция ХІХ–ХХІ ғасырлар аралығындағы ат әбзел­де­рін негіз еткен бірегей жә­дігерлер топтамасы. Сол үшін де ұлттық нақыш пен заманауи көркемдік шешім елшінің жоғары бағасына ие болды.

Кездесу барысында елші этно-мұражаймен де танысты. Мұнда қазақтың қолөнер түрлері мен туындылары көрсетілді. «ÖzgeEpic» креатив хабының жетекшісі Тоғжан Құрманжанқызы АҚШ елшісіне қазақтың ұлттық мәдениетінің маңы­зын түсіндіріп, сый ретінде асық топтамасын тарту етті. Сонымен бірге Осман мұрағаттарынан табылған қазақ хандары мен Осман сұлтандары арасындағы дипломатиялық құжаттардың түпнұсқа көшірмелері таныстырылды. Олардың тарихы мен дипломатиялық маңызы елшінің ерекше қызығушылығын туғыз- ды.

Кездесу барысында АҚШ дипломатына таныс­тырылған келесі жоба –  білімді тұрақты дамы­ту қорымен бірлесе жасал­ған «Ауыл мектебі» фото­көрмесі. Бұл жоба – ауыл мектептерінің дамуы мен олардың жергілікті қоғамға тигізген әсерін бейнелейтін әлеуметтік жоба. Іс-шара соңында Дэниел Розен­блюм мырза «ÖzgeEpic» қа­бырғасына естелік ретінде өз лебі­зін қалдырды. Елші мыр­заның бұл сапары екі ел ара­сындағы мәдени диалогтің маңызын көрсетті.