• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 25 Қазан, 2024

Жаңа заманның еншісі

392 рет
көрсетілді

Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.

Білім ошағы 1 200 оқушы­ға лайықталған. Жаңа модифи­ка­циядағы кабинеттер, аумағы атшаптырым, кең де жарық спорт залдары, STEM-зертхана, асхана, кітапхана, спорт алаңы және басқа да көптеген мүмкіндік қарастырылған.

– Алдағы тоқсаннан бастап 800-ден астам оқушы білім ала бастайды. Мектеп осы ауыл тұр­ғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі бала­ла­рының да білім алуына мүмкін­дік тудыратын орталыққа айналады, – деп атап өтті мектеп-лицейдің директоры Рүстем Жахин.

Жағымды жаңалық ауыл тұрғындарын ерекше қуа­нышқа бөлеп отыр. Олар бауыр еті балаларының заман талабына сай білім алуына мүмкіндік туғызған мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық деп қабылдайды.

– Жайлы мектеп көкі­регімізде жүрген арманымыз еді. Бүгін сол арманға қолымыз жетіп отыр. Өз басым 23 жыл мектеп директоры болып қызмет еттім. Ауыл мектебі мен қала мектебінің бірдей болуы – ата-аналардың ең басты тілектерінің бірі, – дейді Светлана Лузанова.

Облыс әкімі Марат Ахмет­жа­нов жаңа оқу жылында өңірде 8 мек­­теп ашылға­нын, олардың алтауы орын жетіспеушілігі мәселесін ше­­шу және оқушыларға қолайлы жағ­­дай жасау мақсатында ұлттық жо­ба аясында салынғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен біздің өңірде жайлы мектептер ашылып отыр. Білім ошақ­тарының жағдайы  қала мек­тептерінен кем емес. Ел болашағы – білімді және жан-жақты дамы­ған балалардың қолында, – деп атап өтті облыс әкімі.

Дәл осындай білім ошағы осы аудандағы Қаражар ауылында жұмыс істей бастай­ды. Қос қуаныш ауыл тұрғы­н­дарының көкірегіне ризашы­лық сезім ұялатып отыр.

 

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы