• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қысқы спорт 29 Қаңтар, 2017

Универсиаданың ашылу салтанатында 57 елдің спортшылары жүріп өтті

3085 рет
көрсетілді

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтіп жатыр. Дүние жүзінің 57 елінен келген спортшылар салтанатты шерумен жүріп өтті.

Жарысқа Қытай, Канада, Ресей елдерінен ең көп спортшылар келді.

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында 2017 жылғы қысқы Универсиада ойындарында 2 мыңға жуық спортшы қатысады. Сонымен қатар, 30 мыңға жуық шетелдік қонақ пен турист келеді деп күтілуде. Ал телеарналар арқылы 80-нен астам елден 1 млрд адам тамашаламақ.

Студенттер биатлон, шаңғы спорты, кёрлинг, коньки спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғымен жарыс, шаңғымен тұғырдан секіру, сноуборд, мәнерлеп сырғанау, фристайл,шайбалы хоккей,шорт-трек спорттарынан бақ сынайды.

Универсиада 8 нысанда өтеді: «Шымбұлақ» тау-шаңғы шипажайы, «Медеу» спорт кешені, «Сұңқар» шаңғы трамплиндер кешені, Б.Шолақ атындағы спорт сарайы, «Алатау» шаңғы-биатлон кешені, Мұз сарайы, Мұз аренасы және Алматының орталығындағы уақытша спорт кешені.

Айта кетейік, еліміз Универсиадаға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт аралығында 700 спортшы 125 медаль жеңіп алды.