Нұрлыкөш ауылында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, қуанышқа бөленді.
Еңселі балабақша үш қабатты, жалпы аумағы үш мың шаршы метрді құрайды. Онда балалардың заман талабына сай жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдай туғызылған. Кең де жарық асхана, музыка, дене шынықтыру залдары бар. Мұнда балалардың дамуының деңгейін ескере отырып, толымды, жан-жақты ықпал жасайтын білікті мамандар жұмыс істейтін болады. Сөз арасында Нұрлыкөш елді мекенінде кілең қандастар тұратындығын, осы аудандағы тұңғыш мекеменің пайдалануға берілгендігін айта кеткеннің артықтығы болмас.
– Балабақша ауыл тұрғындарына өте қолайлы, – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов. – Еліміздің ертеңін көркейтетін балаларға осындай жақсы жағдай туғызу біздің міндетіміз. Жаңа балабақшаның ашылуы – ауылдық жерлерде білім жүйесін дамытудың маңызды қадамы. Мұндай жобалар мектепке дейінгі мекемелердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
КӨКШЕТАУ