• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 26 Қазан, 2024

Ақмола облысында тұрғынның 7,5 тонна шөбі өртеніп кетті

215 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Бұланды ауданында өртенген шөп сөндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, Тоқтамыс ауылындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында 7,5 тонна шөп өртеніп кеткен.

- Өрт сөндірушілер шөпті бөлшектеп, оған дұрыстап су төгіп, өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, - деп атап өтті ведомстводан.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.