Қазақстанда 12 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатта ұлтын ауыстырған.
Көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Сондай-ақ өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.
ІІМ мәліметінше, соңғы төрт жылда ұлт ауыстыру статистикасы мынадай:
2021 – 3254 адам;
2022 – 3363 адам;
2023 – 3366 адам;
2024 (қазіргі уақытқа дейін) – 2158 адам.
«Жүргізілген сараптамаға сәйкес, ел азаматтарының арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар көп – 743, өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11», делінген ІІМ мәліметінде.