• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Қазан, 2024

Астанада зейнеткерлерге арналған тегін үйірмелер жұмыс істейді

1158 рет
көрсетілді

Елордада зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» жұмыс істейді, деп жазады Egemen.kz. 

Орталыққа келетін зейнеткерлерге жаттығу терапиясы, йога, цигун тыныс алу жаттығуы, кунг-фу, би, скандинавиялық жүріс, арт-терапиясы, еңбек терапиясы, ағылшын, қазақ тілдері, компьютерлік курстар, шахмат, тоғызқұмалақ, вокал сабақтары тегін үйретіледі.

Астана қаласының әкімдігі мұндай орталықтар зейнеткерлердің белсенді өмір салтын ұстауына сеп болатынын, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру үшін қолайлы мекен саналатынын, бұл жерде егде жастағы адамдарға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары» Алматы ауданы бойынша Р. Қошқарбаев көшесі, 29/1-үйде, Байқоңыр ауданы бойынша Абай көшесі, 46 үйде, Есіл ауданы бойынша Достық кешесі, 13-үйде, Сарыарқа ауданы бойынша Бейбітшілік көшесі, 25-үйде, Нұра ауданы бойынша Төлеби көшесі, 44-үйде орналасқан.

Орталық дүйсенбі мен жұма күндері аралығында сағат: 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.