• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қазан, 2024

Тұйық түрлене түсті

89 рет
көрсетілді

Табиғаты көркем Тұйық ауылын мыңнан астам халық мекендейді. Қыс айларында қар ерекше қалың түсетін тау­лы өңірдің негізгі тыныс-тіршілігі – ауыл шаруашылығы. Жергілікті халық көлемі 6 мың гектарға жуықтайтын жерде мал бағып, шөп шауып, картоп егіп, кейінгі жылдары қозықұйрықты да табыс көзіне айналдырған.

Еңбекқор елі бар елді мекен­нің ырыс-құты ортаймайды. Тұр­ғындарға қызмет көрсететін әлеуметтік нысандар да қалыпты жұмыс істейді. Көшелер жарық­та­нып, жолдарға асфальт төсе­ліп, ауылдың ажары кірген. Шал­ғайда жатса да, интернет желісі іске қосылып, әр үйге ауыз­су тартылған. Кезінде Текелі қор­ға­сын-мырыш комбинатының Тұйық руднигі жұмыс істеп, Текеліге қорғасын тасыған. 2020 жылдан бері рудникті қайта қал­пына келтіру жұмыстары қолға алынған.

Тау қойнауында жатқан Тұйық­тың тамаша табиғатына құмартатындар көп. Жаз шыға демалушылар легі ағылады. Сондықтан болашақта туризмді дамыту мақсатында инвестор тарту да – кезек күттірмейтін мәселе.

Биыл Тұйық ауылының әкімі Жеңісбек Әлиасқаровтың саябақ ашу туралы ұсынысына ауыл тұр­ғындары қолдау білдіріп, құ­рылыс жұмысы басталған. Жаңа нысан уәделі мерзімде аяқ­талып, оған «Бесқарағай саябағы» деген атау берілді. Саябақ ауыл жастарының серуен құруына, қонақтар мен қариялардың шүйіркелесіп, немерелерімен қы­дырыстауына мүмкіндік туғыз­ды. Жуырда қазыналы қарт­тар мен ақ жаулықты аналар ақ бата беріп, саябақтың ашылу салтанатын жасады. Оған Ке­ген аудандық мәслихатының төрағасы Алмасбек Нөкербанұлы қаты­сып, ауыл жұртын қуаныш­пен құттықтады.

 

Алматы облысы