• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бюджет 30 Қазан, 2024

2025 жылғы түсімдер 1,2 трлн теңгеге ұлғаяды - Мәди Такиев

72 рет
көрсетілді

«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы, еліміздің 2029 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленген еді. Осыған сәйкес Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 2025 жылғы түсімдер биылғы жылмен салыстырғанда  1,2 трлн теңгеге ұлғая отырып 21,7 трлн теңге деңгейінде болжанып отыр. 

«Заң жобасын талқылау барысында халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізілді.Оның ішінде, халықты таза сумен қамтамасыз етуге, жылу-электр энергетикасын, көлік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымына, сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыруға қосымша шығыстар көзделген.Сонымен қатар, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуге арналған шығыстар қарастырылған.

Аталған түзетулерді ескере отырып, бюджет шығыстарының негізгі бағыттары келесідей қалыптасты.

Бірінші бағыт – әлеуметтік саланы дамыту.Бюджет, өткен жылдардағыдай әлеуметтік бағдарланған болып қала береді. 2025 жылы әлеуметтік саланың шығыстары ағымдағы жылға қарағанда 862 млрд. теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңге көлемінде жоспарлануда. Оның бюджет шығыстарындағы үлесі 38 %-ды құрайтын болады.

Екінші бағыт – өңірлерді қолдау. 2025 жылы өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 7,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл сома ағымдағы жылмен салыстырғанда 405 млрд теңгеге артық.Ол – бюджеттің жалпы шығыстарының шамамен 30%-ын құрайды.

Үшінші бағыт – экономиканың нақты секторын дамытуды қолдау. 2025 жыл бұл бағыт бойынша 2,1 трлн теңге қарастырылған. Оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенді дамыту күшейтілді. Осы бағытқа 2025 жылы ағымдағы жылмен салыстырғанда 30%-ға ұлғая отырып, 635 млрд теңге қарастырылды», деді министр өз сөзінде.

Қорытындылай келе Мәди Такиев Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті қорғау және ішкі тұрақтылықты қолдау жөніндегі іс-шаралар толық көлемде жүзеге асырылатынын жеткізді.