• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Қазан, 2024

Ұлттық қордың шығысы кірістен асып кеткен - Тимур Сүлейменов

113 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілісте Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «2025-2027 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы»  баяндама жасады, деп жазады Egemen.kz.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық қордан алынатын қаржы көлемі түсімнен асып кеткен. 

«Мұндай жағдайда, Ұлттық қор қаражатын көбейтетін жалғыз фактор – инвестициялық кіріс. Ол биыл тоғыз айда 10,27% немесе 6,16 млрд доллар болды. Тек осының арқасында Ұлттық қордың активтері жыл басынан бері 4,5%-ке өсіп, 62,7 млрд долларға жетті», деді Ұлттық банк төрағасы.

Биыл Ұлттық қордан берілетін тікелей төлемдер көлемі 5,6 трлн теңгені құраған. Келер жыл бюджеті үшін осы бағыттағы төлемдерге 5,3 трлн теңге қарастырылып отыр.