• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Тағайындау 30 Қазан, 2024

Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

44 рет
көрсетілді

Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары лауазымына Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бауыржан Асқарұлы Тынысбеков, 1987 жылы туған. Білімі жоғары.  

Еңбек жолын 2012 жылдың наурызынан ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті басқармасының сарапшысы болып бастады.

2012 жылдан бастап 2022 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс атқарды.

2022 жылдан бастап 2023 жылға дейін  - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысының орынбасары.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы лауазымында жұмыс істеді.