Ел балуаны Жәмилә Бақбергенова күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақта өткен әлем біріншілінің күміс медалін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
72 келіде Қазақстан намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова финалда жапониялық балуанға есе жіберді. Қорытынды есеп 8:6 ұпаймен жеңіс Ами Исиидің еншісіне жазылды.
Осылайша әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә спорттық мансабында үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ оның қоржынында әлем біріншілігінің «қола» медалі де бар.
Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан әлем чемпионаттарында 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан екенін айта кету керек.
Ол финалға дейінгі 1/8 бәсекесінде Эмилия Кречун 10:0 есебімен тізе бүктірсе, 1/4 финалда Адель Ганзличковадан (Еуропа чемпионатының қола жүлдегері) 6:3 ұпай санымен басым түсті. Жартылай финалдық белдесуде Болортуяа Зоригтті (Азия чемпионы) 8:6 есебімен жолда қалдырды.