Маңғыстауда Каспий теңізінің Түпқараған ауданы аумағында қырылған итбалықтардың саны әлі артуы мүмкін, мамандар тексеру жұмысын толығымен аяқтап болған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Qazaqstan.tv-дің таратқан ақпаратына сәйкес қазірдің өзінде 300-ге жуық өлексе табылған. Облыстық балық шаруашылығы қауымдастығы басшысының айтуынша 300 итбалықтың барлығы балықшылардың ауына түсіп өлді деуге келмейді. Ауға түскен жануардың денесі ыдырап, тордың ізі қалады. Ал осы жолы табылған өлекселер еш бұзылмаған.