• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Ауыл 01 Қараша, 2024

Көміршідегі қуаныш

234 рет
көрсетілді

Райымбек ауданындағы Көмірші аулында бүгінгі таңда 600 адам тіршілік етеді. Олардың 128-і мектеп оқушысы болса, 65-і зейнет жасындағы қарт кісі. Осы бір алақандай ғана ауылда биылғы жылы тың бастамалар мен жаңа жобалар жүзеге асып, мұндағы халықтың көңіл күйіне соны серпін берді. Соның бірі – жақында ашылған медициналық пункт.

Ауыл тұрғындарының ден­сау­лығы мен әл-ауқатын жақсарту мақ­са­тында ел игілігіне берілген бұл нысан «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жалпы құны 118 239 464,34 теңгені құрайды.

«Көміршіге келін болып түс­кеніме 40 жыл болды. Осы уақыт ішінде арнайы медициналық ғи­марат тұңғыш рет салынып отыр. Бұған дейін ауылдағы мекеме­лер­­дің бір бұрышын паналап қызмет көрсететін едік. Енді, міне, жар­қыраған ақ сарайдай ғи­ма­рат­та еңбек ету бақыты бізге де бұйыр­ды. Мұндағы жайлылық сыр­­қат­танып келген адамның да көңілін серпілтеріне сенімдіміз. Ауыл тұрғындарының жағдайын ескеріп, осындай нысан сыйлаған ел аза­мат­тарына алғысымыз шек­­сіз», дейді мейірбике Мираш Әбділдаева.

Айтса айтқандай, көмір­ші­лік­тер­дің қазіргі қуанышында шек жоқ. Ғимарат заманауи талапқа сай жабдықталған. Тіпті медицина қызметкерлерінің ақ халатын жуып, үтіктеп алуына қажет автоматты кір жуу машинасы мен үтікке дейін қарастырылған. Мұнда ақ желеңді 3 маман тұр­ғын­дарға қалтқысыз қызмет көр­­се­теді.

Медициналық пункттің жо­­ба­­­лан­­ған аумағы 3000 шаршы метрді қамтиды. Көгал­дандыру жұмыстары да толық аяқталған медпункт жайлы бөл­ме­лерімен, зама­на­уи инфра­құрылымымен ерек­ше­ле­неді. Мұнда орта медицина қызметкерлерінің кабинеті, егу кабинеті, процедуралық, акушерлік қабылдау кабинеті, мүгедектер мен басқа да келуші­лер­ге арналған санитарлық тораптар, дәріхана пункті, қызмет­кер­лерге арналған гардероб және жуу бөлмелері, сондай-ақ медициналық қалдықтарды уа­қыт­­ша сақтау, құралдарды дезинфекциялау мен дайындау бөл­ме­лері бар. Мамандар медпункт­те алғашқы көмек көрсетуге, дис­пан­­серлік есепте тұратындарға тағайындалған дәрі-дәрмек те жет­­кілікті екенін айтады.

Медициналық нысан орталық­тандырылған су мен жылу жүйе­сі­не қосылған. Бұл – ауыл тұр­ғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетуді жақсартумен қатар, ай­мақтағы денсаулық сақ­тау қыз­ме­тінің сапасын арттыра түс­кенін аңғартып отыр.

«Биыл аулымызға айрықша көңіл бөлініп, табысты жыл болып отыр. Жеке кәсіпкер өзінің қаржысына хатымхана салып бе­­ріп, қазан айының ортасында пай­далануға берсе, енді, міне, ең­селі медпункт ашылды. Көмірші аулының көшелері асфальтталып, жарық тартылып, мектеп жөн­деу­ден өтіп, қат-қабат игі істер­дің жүзеге асып жатқанына қуа­ныш­тымыз. Ауылдың инфра­құ­рылымының осылайша жаңғы­рып, жақсара түсуі, ең алдымен, жас­тарымыздың туған жерінде тұрақ­тауына, тіршілік етуіне ық­пал етері сөзсіз», дейді ауыл тұр­ғыны Дәурен Сұлтанбайұлы.

 

Алматы облысы