• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Қараша, 2024

Бүгін - дүниежүзілік вегандар күні

108 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік вегандар күні — 1994 жылы 1 қарашада Вегандар қоғамы өзінің 50 жылдығын тойлау тұсында пайда болған мереке. Веган сөзін Дональд Уотсон ағылшынша «vegetarian» (қазақша «вегетарианшыл») сөзінің алғашқы үш, соңғы екі әрпінен алып құраған. Бұл термин 1994 жылы 1 қарашадан бері Лондонда Вегандар қауымдастығында атала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Веганизм - жан-жануарларға ерекше аяушылықпен қарап, оларды тағам ретінде тұтынбауды талап ететін өмір салты. Оны ұстанушылар жануарлардың бәрін өзіндей көріп, оларды ас ретінде пайдаланудың орнына қорғау керек деп түсінеді. Сондықтан да олар тек көкөністермен, жемістермен қоректенеді. 

Еттен саналы түрде бас тартқан тұлғалардың ішінде Леонардо да Винчи, Лев Толстой, Альберт Эйнштейн де бар.