• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Қараша, 2024

Қазақстан мен Қытай көмір химиясы саласында ынтымақтастық орнатуға мүдделі

78 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр көмір өндіруге және өңдеуге маманданған ірі энергетикалық компания – «China Energy Investment Corporation» басшылығымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметі кездесу барысында тараптар көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықтың келешегін және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылағанын мәлім етті.

«China Energy Investment Corporation» өндірістік қуаты жылына 650 млн тонна болатын 97 көмір шахтасын басқарады және әлемдік нарықта жетекші орын алады. Бүгінгі таңда компанияның шетелдік активтері Қытай, Оңтүстік Африка, Австралия, Индонезия, Греция және Германияда орналасқан.

Қытай тарапын бастап келген Янь Гочунь мырза, CHN Energy Investment Corporation Group Co. Ltd, компаниясының бас директорының орынбасары Қазақстан аумағында көмір-химия өндірісін дамытуға жоғары қызығушылық танытты. 

Бұл өз кезегінде елдің экономикалық әлеуетін кеңейтудегі маңызды қадам болып, өңдеу өнеркәсібі саласында Қытаймен екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.