• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қылмыс 02 Қараша, 2024

Петропавлда 18 жастағы бойжеткен ер адамды пышақтап тастаған

190 рет
көрсетілді

Петропавлда 18 жастағы бойжеткен өзінен 13 жас үлкен ер адамды пышақтап тастаған. Жарақат алған азамат ауыр халде ауруханада жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Qazaqstan Media жазғандай, оқиға таңғы сағат 4.30 шамасында болған. Қала көшелерінің бірінде 31 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.

«Науқас ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оған бірден ота жасалды. Көп қан жоғалтқан. Бүгін ол хирургия бөлімшесіне ауыстырылды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал тәртіп сақшылары күдіктіні бірден қолға түсірген. Ол 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазір ҚР ҚК 106 бабы 1 бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша іс қозғалды. Бойжеткен үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.