Ақтөбе облысының диспетчерлік пультіне 7 адамның, оның ішінде 3 баланың жеңіл автокөлікпен Ырғыз ауданының Нұра ауылынан жолға шығып жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Іздеу жұмыстарының нәтижесінде бұл азаматтардың көлігі елді мекеннен 30 км қашықтықта батпақты жерде кептеліп қалғаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында олар тұтқыннан босатылып, үйлеріне аман-есен жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес, – деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.
ТЖМ ауа-райы қолайсыз кезде жолға шығу қауіпті екенін еске салады.