• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Бокс 04 Қараша, 2024

Қазақ боксшылары әлем чемпионатында көш бастады

156 рет
көрсетілді

3 қазан күні Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасында өткен әлем чемпионаты мәресіне жетті. Дүниежүзілік додада еліміздің жас былғары қолғап шеберлері 17 медальмен жалпы есепте көш бастады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан бокс федерациясы әлем чемпионатында қазақ боксшылары 6 алтын, 1 күміс, 9 қола медаль жеңіп алғанын хабарлады. 

Жастар сапынан ел намысын қорғаған Бексұлтан Боранбек (51 келі), Төрехан Сабырхан (67 келі), Өнер Сейілхан (71 келі), Санжарәлі Бегалиев (75 келі), Елянур Тұрғанова (50 келі) және Аружан Зейноллаева (81 келі) жарысты алтын жүлдемен қорытындылады. 

Күміске қыздар құрамасынан бақ сынаған Ұлдана Таубай қол жеткізді. Қола жүлдені Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расұл Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайұлы (92 келіден жоғары), Әнел Абдрасилова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Касымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханқызы (81 келіден жоғары) еншіледі. 

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы чемпионатты командалық есепте бірінші тұғырдан табылса, екінші сатыдан Өзбекстанның жас боксшылары көрінді. Үздік үштікті Ресей боксшылары түйіндеді.