• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Жоба 06 Қараша, 2024

Оқушы жасаған жоба

106 рет
көрсетілді

Абай облысындағы 9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев күн энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыратын инновациялық жоба жасады.

Зерделі жеткіншектің жобасы көмірге, отынға және электр энергиясына тәуелділікті азайтып, экологияға зиянды әсерді тө­мен­­детеді. Бұл үшін ол алдымен күн коллекторының сызба­сын әзірлеп, бөлшектерден қон­дыр­ғыны құрастырудан бастаған.

«Коллекторды құрастыру ке­зінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осы­лайша, жүйе­нің қос қабатты шыны арқылы гер­метикалық ты­ғыз­дығын қалып­тастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиім­ділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энер­гия жинай алатынын көрсетті. Жо­ба­ны іске асыру арқылы туған жерім­нің эколо­гиясын жақсартуға үлесім­ді қосқым келеді», дейді жас өнер­тапқыш.

Оқушының айтуынша, күн кол­лекторы арқылы тұрмыстық ғи­­ма­ра­т­тарды жылыту мен ауыл ша­­руа­шы­лығына қажет суды қам­­­т­а­масыз ету­ге болады. Ауыл ша­­руа­­­шылы­­ғы үшін 30–90°C ара­­лығындағы су ­қа­­­жет еке­нін ес­кер­­­ген ол бұл жүйе­нің ай­мақ жағ­­да­­йын жақсартуға септігін ти­гі­­­зе­ті­н­і­­не сенімді.

Қазір аталған құрылғы сынақ­тан өтті. Оның есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үй ішін жылытып, ыстық сумен қамтуға болады. Бір жағынан, мұндай құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру өте тиімді.