• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 06 Қараша, 2024

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

71 рет
көрсетілді

Қазақстанның екі облысында ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

6 қарашада сағат 19:00-де Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 965-1153 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

19:30-да Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 259-389 шақырым аралығында (Шалқар қаласынан М-32 және А-26 жол айырығына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

20:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Көкшетау-Атбасар» автожолының 47-184 шақырым аралығында (Зеренді ауылынан Атбасар қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

21:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» автожолының 18-232 шақырым аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр. Жолды 2024 жылғы 7 қарашада сағат 08:00-де ашу жоспарланған.