• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 07 Қараша, 2024

Астанада ескі үйлер бұзылады

126 рет
көрсетілді

Астанада ескі тұрғын үйлерді жаңарту бағдарламасы бойынша апатты үйлер бұзылып, тұрғындар жаңа пәтерлерге қоныстандырылады, деп жазады Egemen.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, осы жылы 33 апатты үйдің тұрғындары 703 пәтерге көшіріледі. 2013 жылдан бастап 286 апатты үйдің тұрғындары қоныс аударып, 4500-ден астам отбасы жаңа қонысқа жайғасқан. 

2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй қорын жаңарту жобасы аясында 206 апатты үйдің тұрғындары Астанада 4 710 пәтерге көшіріледі. 

«Бағдарлама аясында Бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданының аумағында 865 ескі және ескірген тұрғын үйлер бұзылады. Оның орнына көпқабатты тұрғын үйлер, 9 білім беру мекемесі, 7 денсаулық сақтау нысаны, оның ішінде 4 емхана, 3 медициналық орталық, 6 спорт және мәдениет нысаны, 27 коммерциялық нысан, оның ішінде СОО, бизнес-орталықтар, қонақ үйлер мен паркингтер, сондай-ақ 6 сквер салу жоспарланып отыр», делінген әкімдік хабарламасында.

Бүгінгі таңда ауданда Кенесары, Асан қайғы, Тараз көшелерінің қиылысындағы ескі үйлерді бұзу жұмысы басталған. Апатты үйден көшірілгендерге құқық белгілейтін құжаттарға сәйкес бөлмелер санына және тұратын адамдар санына қарамастан, ауданы бойынша бірдей мөлшерде, бірақ кемінде бір бөлмелі жаңа пәтерлер беріледі.